Жанар Айжанованың қызы анасына қажылыққа жолдама сыйлады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Анам мен әпкемді умраға жіберемін деп шештім. Әпкем мені өсіріп, бақты. Енді менің кезегім.

Біздің ата-анамыз бен жақындарымыз тек жақсыға лайық. Біз мәңгі емеспіз, сондықтан барлық адамдарға жылы сөздерді жиі айтып тұрыңыздар", – деп бөлісті Айжұлдыз.

Ол мұндай ерекше сыйды жолдан келе салып, таңғы сағат 6-да тарту еткен.


"Ұйқылы-ояу жатқан анам есеңгіреп қалды. Түсірілімнен келіп, далада ұйықтап жатыр екен", – дейді Адайбекова.