Жанар Дұғалованың «Turkvizyon-2014» байқауында жеңіске жетуіне орай ұйымдастырылған брифингтен репортаж

«Түркі әлемінде осындай конкурстың пайда болуына өте қуаныштымыз. Ол түркі тілдес елдерді біріктіруге аса қажет. Әрине, біз бұл конкурсқа қатысудағы барлық жауапкершілікті жақсы түсіндік. Сондықтан Қазан қаласына барғанға дейін жақсылап дайындалдық. Біз конкурсқа өте салмақты туынды апару керек екенін жақсы білдік, сондықтан дайындық жұмыстарына өте көп кәсіби мамандар тартылды" , - деп атап өтті ол.

Жанар Дұғалова ән айтып жатқанда мен Қазақстан үшін қатты қуандым.

«Біз барлық жауапкершілікті әуел бастан барынша түсіндік, сондықтан конкурсқа жақсылап дайындалып, тек қана жеңісті мақсет еттік. Жанар ән айтып жатқан кезде мен Қазақстан үшін керемет қуанышта болдым. Жанар дер кезінде өзін-өзі сабырға келтіріп, әнін шырқап, дегеніне жетті", - деді  Баян Есентаева.

Айта кетейік, финалда үшінші болып өнер көрсеткен Жанар Дұғалова 225 ұпай жинады. Ол байқауда Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған төл туындысы "Ізін көрем" әнін орындады.

Жанар жартылай финалдан соң үшінші орында тұрған болатын. Ол ақтық сайыста екінші орындағы Татарстан әншісінен 24 ұпай артық жинады.

«Turkvizyon-2014» конкурсындағы жеңісімді Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын.



"Түркі әлемінде өткен дүбірлі додада бағымыз жанды. Қуанышпен, жеңіспен оралдық. Әнші ретінде, елімнің патриоты ретінде мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Сайыста еліміздің беделі мен абыройын асқақтатуға барымды салдым. Ата-бабамның рухына арнап шығарған әнім жеңіс әкелді", - деп атап өтті Жанар Дұғалова.

Әншінің айтуынша, Қазақстанның мұндай ірі конкурстарға қатысуы - еліміздің бейбіт өмір сүруінің арқасы.

Бүгінде біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Елімізді, Елбасымызды бүкіл әлем біледі. Осындай халықаралық сайыстарға барып өнер көрсетуіміздің өзі Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында деп ойлаймын. Және де бұл жеңіске Тұңғыш Президент күні қарсаңында қол жеткендіктен, мен бұл жеңісімді Тұңғыш Президентімізге, елбасымызға арнаймын!" - деді Ж. Дұғалова.

Айта кетейік, финалда үшінші болып өнер көрсеткен Жанар Дұғалова 225 ұпай жинады. Ол байқауда Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған төл туындысы "Ізін көрем" әнін орындады.

Жанар жартылай финалдан соң үшінші орында тұрған болатын. Ол ақтық сайыста екінші орындағы Татарстан әншісінен 24 ұпай артық жинады.

Финалда әнші қыз көз жасына ерік беріп, қазақ елінің байрағын көкке көтерді.