Рухани жаңғыруды әрбір адам, әрбір тұлға әртүрлі түсінеді. Осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты Caravan.kz медиа порталының тілшісі психолог, Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Жанар Сұлтансихқызының пікірін әрі ойын біліп көрді.
- Сіз үшін Рухани жаңғыру деген не?
- Рухани жаңғыру ол қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын пайдалана отырып өркениетті қоғам жасауға ұмтылған жоба. Мен рухани жаңғыруды осылай түсінемін.
- Толықтай рухани жаңғыруымызға не керек? Не жетіспейді?
- Толықтай жаңғыруымыз үшін жалғасып келе жатырған ұрпақтарымызға қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихына деген қызығушылығын ояту керек. Сол кезде барып толықтай рухани жаңғыра аламыз деп ойлаймын. Айтып өткен салт-дәстүрді, тарихқа деген қызығушылықты ояту әрбір адамға, тұлғаға байланысты.
- Жаңару мен жаңғыру ұғымдарына тоқталып кетсеңіз. Шатастырып, дұрыс түсінбей жүрген оқырмандарға?!
- Жаңғыру мен жаңартудың айырмашылығы жер мен көктей. Жаңғыру дегеніміз - ежелден келе жатқан тарихи құндылықтарды, салт дәстүрлерімізді, ұмытылып бара жатқан өсиеттерді ұмыт қалған құнды мұраларымызды насихаттау.
Жаңарту қазіргі кездегі дамып жатқан технологиялардың әрі қарай дамуы. Мен жаңару мен жаңғыру ұғымдарын осылай деп түсінемін
- Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы модернизациялау мақаласы жарық көрген кезде көзіңізге ең басты қай сәті түсті? Мақалада ең бастысы қайсысы деп ойлайсыз?
- Бұл мақалада прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегенділікті көрсетеді. Ең бастысы осы деп ойлаймын.
- Сіз Қазақстанның болашағын қалай көресіз?
- Қазақстанның болашағын жарқын болады деп сенемін және де үміттенемін. Еліміз даму үстінде. Аллаға шүкір көптеген ғылыми, білім жағынанда жетістіктерге жетіп жатқан жастарымызда аз емес. Осы қалыптан жастарымыз таймаса, болашақта дамыған 50 елдің қатарына қосылатынымызға үміттенемін. Әрбір қазақ азамат пен азаматшалардың жүрегінде елім менің, отаным менің деп еңбектенсе біздің болашағымыз жарқын болады деген сенімдемін. Мен жастарға сенемін. Сол себепті Қазақстанның болашағын көптеген жетістікте күтіп тұр. Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”, - деп жастарға барынша сенді, мен де сол секілді жастарға сенемін, олардың мақсаттарына, армандарына сенемін. Қазақстанның болашағы сол жастардың қолында екені хақ.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Жанар Сұлтансихқызының сұхбатына алғыс айта отыра, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының мәні туралы айтып өтпекпіз.
Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша елімізде, түрлі аймақтарда көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Бұл бағдарламаның жүзеге асып жатқанын көре аламыз.
Мәселен:
“Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.”
Қазіргі таңда бірінші мәселе бойынша көптеген тазарту жұмыстары, сенбілік жұмыстары жүріп жатыр. Оңтүстік астанада әр сенбі сайын қаланың тау аймақтарын жиі тазартып тұратыны, халықтың өз еріктерімен тазартатындары белгілі. Орал секілді қала Қазақстандағы ең таза қаланың көшін бастап тұр. Осылайша бұл бағдарламаның жүзеге асып жатқанын көре аламыз.
“Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі”
Бұл жайт бойынша да туған жердің тарихын оқудан көрініс тауып жатқанын көріп жатырмыз. Осы жыл пандемияға қарамастан, орта мектеп оқушылары онлайн оқып жатқандарына қарамастан, туған жердің тарихына көрініс тауып жатқанын көріп, біліп жатырмыз.
“Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек”
Бұл бойынша да елімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр, атқарыла береді.
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы елімізге керек жоба болды, бұл жоба іске асып жатыр. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы рухани жаңғыра бастадық, көпшілік бұл бағдарламаның түсінігін мол аңғара білді.