Жанар- жағар май нарығында бағаны ымыраласа белгілеу жайты болуы мүмкін - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы

"Жанар- жағар май мәселесі аса күрделі", - деп мәлімдеді Н. Алдабергенов, депутаттардың тиісті сауалдарына жауап бере отырып.

Ол атап өткеніндей, бүгінгі кезде жанар-жағар май нарығын реттеу мәселесі бәсекелестікті қорғау агенттігінің құзырында .

"Менің пікірімше, біздегі бар тәжірибе бойынша мұнайды шығару құнына қарап, оны өңдеу зауыттарына дейін тасымалдау бағасын есептеп шығару керек ", - деді Н. Алдабергенов.

"Одан кейін тұтынушылар арасында таратылады. Тұрақталған тәжірибе бойынша олар оны делдалдар болып отырған өздерінің аффилиирлік компанияларына тапсырады", - деп түсіндірді ол.

"Бұл менің болжамдарым, көбінесе баға ымыраласа белгіленіп, бір бағаны ұстап тұруға бағытталған келісілген іс қимылдар қолға алынып, кейбір заң бұзушылықтарға жол беріледі ", -деп атап өтті ТМРА басшысы.

Сонымен қатар оның пікірі бойынша,"нарықты жанар- жағармаймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару керек".

"10 пайыз көлеміндегі кез келген тапшылық бір мезетте бағаның өсуіне әкеледі. Бұл жағын жергілікті атқарушы органдар бақылауы керек ", - деді Н. Алдабергенов.