«Мектепте жұмыс істеп жүрген кезімде балалардың эмоциялары ең шынайы әрі мейірімді екенін түсіндім. Осы себептен әрі қарай өмірімді диагностика және қабілеттерді дамыту аясында балаларға арнауды жөн көрдім. Біз жұмысымызды Алматыдағы Еl Umiti корпоративтік қорында курстарды оқудан бастадық. Сертификаттарды алғаннан кейін өңірімізге келіп, ең алдымен мектеп психологтарына облыстық семинарлар өткіздік. Семинарларда жоба жайлы, оны жүзеге асыру кезеңдері, ең бастысы – жобаның мақсаттары мен міндеттері, оның оқушылардың қабілеттерін диагностикалауда арнайы білім, білік және дағдылардың жаңа толқынын бере алатыны туралы айттық», - деді Жанара Әжімұратова.
Оқушылардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіптік бағдар беруге арналған «Qabilet» қызметі 2021 жылдан өз жұмысын бастады. Бұл автоматтандырылған платформа, онда интернетке кіру мүмкіндігі бар әрбір оқушы үйде немесе мектепте сайтқа кіріп, тіркелгеннен кейін диагностикадан өтіп, қай салада үлкен жетістікке жетуге болатыны туралы ұсыныстар ала алады.
«Қазіргі уақытта балалардың қабілеттерін диагностикалау 8-9 және 10-11 жас аралығында жүргізіледі. Ал, ең алғаш өңірде жүзеге асырған диагностика 10-11 жас аралығындағы балаларға арналған еді. Көкшетау мектептерінің балаларын біздің орталыққа шақырдық, онда 20 орындық информатика кабинеті жабдықталған. Балалармен бірге тіркеуден өтіп, оларға тест сұрақтары берілді. Аталмыш жастағы балалар үшін бірінші тест 4 блоктан 73 сұрақтан құралған. Балалар бала 60 минут ішінде жауап берді», – дейді Жанара Әжімұратова.
Ақмола облысында Еl Umiti бастамасын жүзеге асыру жөніндегі департамент 2021 жылы құрылған. Ал «Qabilet» жобасын құру мен жүзеге асыру Жанара Әжімұратованың бастамасымен іске асты. Оның айтуынша, бүгінге дейін жоба 11 мыңнан астам оқушыны қамтыған.