Жанармай көлігінің апатына қатысты «Гелиос» компаниясының техинкалық қызметкерлері кемі 5 жылға сотталуы мүмкін

Міне, нақ осы сәтте Александр Горюнов жанармай толы көліктің тоқтамасын түсінді. Бірнеше көлікке соқтығысып барып, жалын құшты. Арада бір жарым ай өткен соң ғана сот сараптамасы қосымша тежегіші бұзылғанын растап отыр. Бірақ, оқиға күні емес. Бұрыннан-ақ бұзылған екен. Тіпті техникалық байқаудан өтті деген анықтамасы да жалған боп шықты.

Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Гелиос компаниясының басшылары осы уақытқа дейін бұл бензовоз түгелімен  техосмотрдан өтті деп олар жариялаған болатын. Бірақ, осы сараптаманың қорытындысы бойынша, бұл машинаның техникалық жағдайы белгіленген нормаларға сәйкес емес екендігі анықталды. 

Сондай-ақ көлікті басқару тетігі де іске алғысыз болған. Соған қарамастан жанармай толы көлік жұмысын жалғастыра беріпті.

Ал апатқа себепкер болған көліктің иесі «Гелиос» компаниясы өзіне шаң жуытар емес.

Константин Свиридов, «Гелиос» компаниясының бас директоры:

- Қосымша тежегіштің істен шығуы - жол апатына себепкер бола алмайды. Өйткені, ол бәрібір көлікті тоқтатуға көмектеспейді. Біз де апаттың нақты себебін білгіміз келеді. Сондықтан қазір сараптама қорытындысын күтіп отырмыз.

Жұмыс берушінің салғырттығы дәлелденсе де, Александрдың жесірі оларды сотқа беруден бас тартты. Қайғы жұтқан әйел енді ешқандай да сараптама күйеуімді қайтарып бермейді деп отыр.    


Наталья Горюнова, А.Горюновтың жесірі:

- Мен тағы біреудің жаппа шеккенін қаламаймын, қанша жылағанымен мен оны қайтара алмаймын гой.

Жесірі, тіпті, компания уәде еткен күйеуінің жарты жылдық жалақысын да әлі алмаған. Ал қайырымды жандар жиып берген қыруар ақшаны енесі жанжал шығарып, бір тиынын қалдырмай сыпырып кетіпті. Ең бастысы Горюновтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Ал Гелиосқа қатысты тағы бір іс қозғалуы мүмкін. Өйткені, тергеушілер анықтағандай компания 8 тонналық көліктерге 24 тонна жанармай артып келген.