"Меніңше, сонымен бірге, нарықта монополия орнату жайты да жоқ емес", -деп мәлімдеді Ғ. Оразбақов.
"Жанар-жағармай нарығында зерттеулер жүргізу арқылы біз нарықта бір-бірімен аффилиирлік байланыстағы трейдерлер жұмыс істейді деген тұжырымға келдік, солардың бағаны өзара ымыраласа белгілеуінің салдарынан жанар-жағармай бағасы өсіп отыр", - деді ол, егіс және түсім жинау науқандары барысында бағаның шарықтай түсетінін айта келе.
"Бағаны белгілеуде сөз байласу сөзсіз бар", - деді министр.
Ғ. Оразбақовтың атап көрсетуінше, "мұндай бәсекелестік принципіне қайшы келетін іс-әрекеттерге қатаң тосқауыл қою қажет". Сонымен бірге ол "мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігі доминанттар реестрінде болғандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес доминанттардың бағасы реттелмейтіндігін де" еске сала кетті.
"Жанар-жағармай өндірісі табиғи монополиялардың қатарына жатқызылмайтындықтан, тиісінше бұл саланы мемлекет реттемейді. Бұл процеске жанама ғана әсер ете алатындығымызды айта аламын", - деді министр.
"Жаңадан құрылған бәсекелестікті қорғау агенттігі бұл бағытта бір мақсатты қиын жұмыстарды жүргізуге тиіс. Осындай монополияларды анықтап, дәлелдеп, оларды ыдырату қажет", - деді Ғ.Оразбақов.