"Егер шекара жабылған болса, бүгінгі отандық нарықта дизельдік отын мен АИ-80 жанармайының тапшылығы туындамас еді. Қазір қалған жанар-жағармай қорын елден алып шықпауы үшін шекараны жабудың маңызы зор, ал осы мерзімде кедендік баж салықтарын реттеуге болады", - деді С. Үшбаев.
"Дизельдік отынның бағасы неге шарықтап кетті? Оған себеп, отын қазір саудада мүлдем жоқ. Дизель мұнай базаларында, мұнай өңдеу зауыттарында сақтаулы тұр. Бізге дизельді бермей отыр. Ауылшаруашылығына да оны бермейді деуге болады. Дихан егін егуі керек, сол себепті ол бір литрін 125 теңгеге алуға мәжбүр", -деді ол.
С. Үшбаев еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев жуырда ай сайын дизельдік отынның орта есеппен 340 мың тоннасы өндірілетінін, оның 130 мың тоннаға жуығы белгіленген бағамен ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне жіберілетінін мәлімдегенін еске салды. "Ал еліміздің ауылшаруашылығы министрі болса, 11 шілдедегі жағдаймен небәрі 19 мың тоннасы жіберілгенін айтты", - деді "Нар Ойл" басшысы.
"Егер шекараны жылдың аяғына дейін жапса, онда өнімді экспортқа шығаруды жоспарлағандар өз мұнай өнімдері қорын отындық нарыққа шығарады. Сонда ғана баға түседі. Ондай жағдайда дихандар ыңғайлы бағаға дизельдік отын сатып алып, егінін орып алады және күздік бидайын да егіп үлгереді, кейбіреулер тіпті алдағы жылға дизельдік отын қорын жасап та алады", - деді С. Үшбаев.
Оның айтуынша, қазір мұнай Украина арқылы Еуропаға экспорттық кедендік баж салығынсыз шектеусіз кетіп жатыр. Мұнайды шығарғанда Қазақстанда төленетін кедендік баж салығы әлемдік мұнай бағасымен салыстырғанда өте төмен.
"Нар Ойл" басшысының пікірінше, жанар-жағармайды елден шығаруға салынған тыйымның мерзімі тым қыста. "Үш ай - өте қысқа мерзім. Осы уақытта дизельді мұнайбазасына жеткізуге, зауытта қалдыра тұрып күтуге болады. Бүгін дихандар да тіпті өздеріне беретін солярканы алудан бас тартуда. Ресми мәліметке сәйкес, 1 мамырға дейін экспортқа 280 мың тонна дизельдік отын шығарылған. Егер осы көлем сыртқа кетпегенде, ауылшаруашылығы өз науқанын ойдағыдай аяқтап, бәрі дұрыс болар еді", -деді ол.