Жанат Жақиянов америкалықтың белбеуін тартып алды

12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірақ отандасымыз жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап есімі ) қарсыласын біраз соққыға жықты. Судьяның шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болды.

Айта кетейік, жекпе-жектің мұндай нәтижесі комментатор мен көрермендермен қатар, жеңімпаздың өзі мен бапкеріне - Рикки Хаттонға күтпеген жағдай болды. Осыған дейін сарапшылар қазақстандық тарап жеңіліске ұшырайды деп айтқан екен.


"Профи Бокс Казахстана"
 басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшымыздың қаламақысы - 30 мың доллар. Ал Уоррен болса осы жекпе-жекке 150 мың доллар қойған екен.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын. 
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/boks-alemndeg-sensatsiya-janat-jakiyanov-amerikalyiktyin-277385/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.