Жанат Жақиянов: «Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады»

(53,5 келіге дейін) әлемнің «уақытша» чемпионы титулына ие Венесуэла боксшысы Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) жекпе-жек алдында позитивті көңіл күйімен бөлісті, деп хабарлайды sports.kz.

Бұл жекпе-жек 7 қараша күні Монте-Карлода (Монако) жоспарланған.

«Әлемдік титулдың қандай да бір тұжырымдамасын жеңген әрбір спортшы - өте жақсы айқасушы, сондықтан Парехомен жекпе-жек мен үшін күрделі болатынына сенімдімін. Сонымен қатар, мен ол үшін еңсерілмейтін кедергі болатыныма күмәнім жоқ. Соңғы 12 қарсыласымды нокаутқа жібердім, ал 7 қарашада 13-шісіне қол жеткізуді жоспарлап отырмын. Парехо менімен барлық 12 раунд бокстасып, титулын сақтап қаламын деп ойлайтын шығар. Бірақ меноны есеңгіретемін. Менің соққыларымнан ол не болғанын да түсінбей қалады», - деп келтіреді Жанаттың сөздерін Boxingscene.

«Әлем чемпионы титулына ие болу - бұл арман. Менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның арманы. Головкин мен Шүменов Қазақстанға WBA титулдарын әкелді, мен де қалыспаймын. Үйімде жанкүйерлерім өте көп, Еуропа чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Карим Герфиді нокаутқа жібергенімде, көп адамды қуантқан  едім. Бірақ әлемдік титулды иелену - одан да үлкен жетістік. Мені бүкіл Қазақстан мақтан ететін болады», - деді боксшы.