Жанат Жақиянов: Яманака менен мәңгі қашып жүре алмайды


«Риккимен бірге жаттығу, корольмен жаттыққанмен тең. Көптеген елдерде оны қатты сыйлайды, себебі ол әлем чемпионы атанып, Костя Цзюді жеңген болатын», - дейді қазақстандық боксшы.

Оның сөзіне қарағанда, Хаттонның залында дайындық жасаған уақыттан бері ол көп ысылды.

«Оның басшылығымен әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы атану - маған үлкен мәртебе», - дейді ол.

«Мен WBC нұсқасы бойынша рейтингте бірінші орында тұрмын. Сондықтан келесі жекпе-жекті Яманакаға қарсы өткізуім шарт. Биыл әйтеуір онымен жұдырық түйістіретін шығармын. Менің арманым  - өз заманында бокс рингінің «шаңын қаққан» Василий Жиров сияқты чемпиондық титулдарды жеңіп алу. Яманака менен мәңгі қашып жүре алмайды. Онымен жекпе-жек өткізудің ауылы алыс емес, маған кездесудің қай жақта өтетіні бәрібір, ол Еуропада немесе Жапонияда бола ма, ол маңызды емес, ринг барлық жерде бірдей. Мен кез келген боксшыға қарсы тұра алатынымды білемін», - деп түйді сөзін Ж.Жақиянов.