"Жаназаңда жылайтын ата-анаңды аямайсың ба?": Facebook-тегі жазба үшін адвокат Жанна Мұхамәдиді қорқыта бастаған

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

БАҚ беттерінде кәсіпкердің 17 қызметкерін, олардың ішінде әйел болғандарынан кейін жұмыстан шығарып жібергені жазылған болатын. Ол жұмыста тек ер адамдарды ғана  қалдырды. Ол өз шешімін әйел адам "жұмыс жасамауы керек" деп түсіндірген болатын.

Жұмыстан қуылған қызметкерлерді адвокат Жанна Мұхамәди қорғауға тірісті, әйелдерді қолдап ол тіпті Facebook желісіндегі парақшасыда арнайы пост жазды.

Осы посттан кейін оған қоқан-лоққы көрсете бастап, тіпті оның қайда тұратындарын білетіндерін айтқан.

"Сенің жаназаңда жылайтын ата-анаңды аямайсың ба? Жұмысқа жалғыз бараа жатқан кезде мен сенің бетіңе қышқыл шашып жіберемін. Сенің көлігіңнің номеріңді барлық жезөкше сайттарына жарнамалап жіберемін. Ұяттан өзің қолыңа қол саласың. Есгіңді өртеп жіберемін. Тамағыңды кесіп аламын", - деп белгісіз біреу адвокатқа жазған.

Жанна Мұхамәдии полицияға арыз түсіріп үлгерген.


"Жақында ғана компаниясынан 17 әйелді жұмыстан шығарған кәсіпкер туралы айтқан болатынмын. Осы жайлы жазған бойдан маған қоқан-лоққы келе бастады. Бұл жолы қорқыту тым ашық, ер адам тамағымды кесіп, бетіме қышқыл құйып жіберемін дейді. Ол қоқан-лоққы көрсеткен адамды тауып, жазалайды деп үміттенемін", - деп жазды адвокат.