Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Ауылда тұрсаң көрер едім" дейді біреу. Мен ауылда тұрдым ғой. Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман. Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын істеп, ыдысын, кір машинасыз қолмен кірін жуған кездерім де болды.
"Біз сияқты базарда тұрсаң көрер едім" деп жазатындар да бар.
"Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Жәкең екеуміз жеміс-жидек саттық. Таңғы сағат 7-8-ден түнгі сағат 11-ге дейін ашық базарда тұратынбыз. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде 10 шақты адам тұрамыз, жүреміз", - дейді Байырбекова.
"Осы қыздың проблемасы жоқ, отбасы, бала-шағасы қасында, аман есен. Ақшасы жеткілікті, бизнесі көп, бақыттан басы айналып, тек қыдыруды ойлайды" дейді біреу. Ол енді рас... Айтқандарыңыз келсін. Маған жақсылықты кейбіреулер осылай тілейді", - деп жазды Байырбекова.