Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Жанболат Мамайға қатысты Алматы ПД Тергеу басқармасы ҚР ҚК-ның 378-бабы, 2-бөлігінде ("Билік өкiлiн қорлау") және 274-бабы, 2-бөлігінде ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеушінің өтініші бойынша сот азамат Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады", - деп түсіндірді полицейлер.
Соталды тергеп-тексеру қағидаттарға қатаң сәйкестікте жүргізіледі, деді ведомство өкілдері.