Жанболат пен Жазираның атұстары әке-шешесінің үш бірдей бизнесін басқарып отыр

Жоғары оқу орнын биыл ғана тәмамдаған Қазбек ата-анасының директоры әрі үйдегі шығыс пен кіріске жауап беретін бас есепші екен. Бұдан бөлек, Қазбек Жанболатұлы жұлдызды ата-анасының үш бірдей кәсібін басқарып отырған көрінеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Иә, анам мен әкемнің директорымын. Жанұямда жалғыз бала болғандықтан, барлық жауапкершілік менің мойнымда. Басқа тапсыратын адам жоқ. Барлығын өз мойныма алу ол менің парызым.

Тек шығармашылық жағынан емес, барлық шығын мен табысқа мен жауаптымын. Әке-шешем маған үлкен сенім артады”, – дейді жұлдызды жұптың ұлы.

Қазбек жеке бизнеске қатысты барлық сұрақтарды өздігінен шешуге тырысады екен. Тіпті, маңызды шешімдерді ата-анамның рұқсатынсыз қабылдаймын дейді, сері жігіт.

“Барлық сұрақтарды олардың рұқсатынсыз өзім шеше аламын. Көйлектер және сұлулық салоны бар және жалға беретін ғимаратымыз бар. Көптеген жұмысшы қол астымызда істейді. Олармен кейде қиындықтар туындап жатады, Солардың барлығын шешетін сәттерде әке-шешемнің милары тек шығармашылыққа қату керек, қалған ұсақ-түйектерді өзім шешуге тырысамын”, – дейді 21 жастағы Қазбек.


Бір қызығы, Қазбек болашақта ата-анасы таңдап берген қызға үйленуге дайын. Себебі:

“Статистика бойынша, әке-шеше тауып берген қызға үйленіп, бір-бірімен қосылған жандар ажырасу деген өте аз болады”, – дейді ол.