Жаңбыр, бұршақ, найзағай: 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, күндіз солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы мен тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +12…+14°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай. Күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Астанада құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Екпінді жел. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +13…+15°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +14…+16°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Таңертең және күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта екпінді жел. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Қостанайда ала бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

Петропавлда бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай, тұман. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +14…+16°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +20…+22°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде қатты жаңбыр. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +17…+19°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +21…+23°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, дауыл. Екпінді жел. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.