”Жаңбыр, найзағай”: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оған сенсек, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ болады.

Тек батыста, оңтүстікте, қиыр оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі бар.