Жаңбыр, найзағай және +37 градус ыстық: 19 тамызға ауа райы болжамы

19 тамызда Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Солтүстік пен орталықтың бірқатар қаласында күн салқындап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік, батыс және оңтүстік-шығыста күн ыстық болып, негізінен жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

 Қазгидромет болжауынша Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +22...+24°C, күндіз +32...+34°C.

Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Қарағандыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +11...+13°C, күндіз +22...+24°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15°C, күндіз +32...+34°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.