"Жандайшаптар мен тоқалдар": Танымал журналист пәтер алатын тілшілер жайлы бар шындықты мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Журналистерге пәтер таратуға қатысты. Саяси да, экономикалық тұрғыдан да қабылдау қиын құбылыс. Қош, саясатқа қатысты “пропагандаға” итермелейді/міндеттейді итд итп деп, көлгірсімей-ақ қояйын. Біздің елдегі БАҚ-тың 99%-ның онсыз күні қараң екені белгілі. Көзімізді тырнап ашқалы көріп келе жатқанымыз осы.

Ал экономикаға келсек, нарық принциптеріне де қайшы. Елестетіп көріңіз, екі ересек адам. Екеуінің де он екі мүшесі сау. Біреуі өмір бойы аузынан жырып, ақша жинайды. Ипотека рәсімдеп, оны төлейді. Шетелге саяхаттан бас тартады. Қымбат киім, кейде той-томалақтан да.

Ал екіншісі, олай істегісі келмейді. Тірнектеп ақша жинап, баспана алуға тырыспайды. Өзінің базалық қажеттілігін жабу деген мәселемен басын ауыртпайды. Енді, біздің билік осы екеуінің қайсысына баспана береді деп ойлайсыз. Әрине, екіншісіне. Ересек позициясы жоқ, қаржылық сауатсыз, сәл жауапсыздау адам біздің қоғамда ұтады. Міне, экономикалық әділетсіздік.

Олай болса, бәріне бірдей берсін. Не шын мұқтаж, мүгедек, жалғызілікті кәсіби егде жастағы маманға дегендей. Бір ерекше себеп болу керек шығар. Сіз бұл жайында не ойлайсыз? P.S Жандайшаптар мен тоқалдар туралы “молчу”", - деп жазды ол.