Еске салайық, 20 наурызда Жандарбек Бекшин бас санитар дәрігер қызметінен кеткен болатын.
"Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары болып қалдым", - деп хабарлаған ол.
Бекшин 1958 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов мемлекеттік медициналық институтын "Гигиена, эпидемиология, санитария" мамандығы бойынша тәмамдаған, медицина ғылымдарының кандидаты.