Жандарбек Бекшин Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады. 

Жандарбек Бекшин 1958 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Свердлов мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Білімі бойынша - дәрігер-гигиенашы, эпидемиолог. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1975 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде, оның ішінде 2009 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен.

2014-2017 жылдары ҚР Ұлттық  экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас санитариялық дәрігері қызметін атқарған.


2017 жылдан бастап ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.