«Жанды болат» Солтүстік Америка прокатының көшбасшысы болып қалды

Box Office Mojo-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлағандай, басты рөлді Хью Джекман ойнаған картина екі апта қатарынан жинақ бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бар-жоғы 10 күн көрсетілген фильм 51,7 миллион доллар жинады.

Өткен демалыс күндерінің қорытындысы бойынша 16,1 миллион доллар касса жинаған «Еркін жандар» (Footloose) музыкалық фильмі екінші орыннан көрінді. Ал 8,7 миллион доллар кіріс келтірген «Әлдебір» (The Thing) триллері үшінші орын алды.