Жаңа 20 долларлық банкнотта қара нәсілді әйел бейнесі болады

Ол соңғы жүз жылдан астам уақыттан бергі америкалық банкнотта бейнеленген алғашқы әйел болмақ.

Оған дейін мұндай мәртебеге бұрынғы бірінші леди Марта Вашингтон және үндіс ханшайымы Покахонтас ие болған. Марта Вашингтоның бейнесі 1891-1896 жылдары шыққан бір долларлық күміс сертификатта бейнеленген. Ал ханшайымның жүзі 1865-1869 жылдардағы 20 долларлық купюрада көрініс тапты.   

Жаңа 20 долларлық банкнотта құлдықтың жойылуы үшін күрескен Гарриет Табменнің суреті АҚШ-тың жетінші президенті, құл иегері Эндрю Джексонның  портретін алмастырады.