Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының Алатау ауданында өткен сенбіде жергілікті тұрғындардың қатысуымен сенбілік өтті. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенбілік "Таза қала" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Аумақты тазалауға 18 ықшам аудан, 47 мекемелер мен ұжымдар - жалпы алғанда 50 000 адам қатысты. Аудан тұрғындарын аудан қызметтері, 2 әскери бөлім және Әуезов пен Жетісу аудандарының "Автобаза-ЖПБ" АҚ қолдады.
Көлемі шамамен 4000 га жер аумағынан 1820 текше метр қоқыс шығарылды.
Әкім Бағдат Манзоровтың айтуынша, жергілікті тұрғындар сенбілікке өз еріктерімен Елбасының Алматы қаласында жаңа аудан құру туралы идеясын қолдау мақсатында шыққан. Жаңа аудан қаланың дамуы мен ауданды қоныстанып отырған жалпы саны 127 мың Қазақстан азаматтарының толыққанды өмір сүрулеріне жағдай жасау мақсатында құрылды. Қазіргі таңда Сәулет басқармасы қаржы мамандарымен біріге отырып жобаның кезеңдік даму концепциясын жасауда. Бірінші ретте әлеуметтік мәселелер шешілуде, сонымен қатар коммуналдық саланың дамуы қолға алынған. Әкімнің сөзінше ауданда шешілмеген мәселелер өте көп, оның дамуы кезең-кезеңге бөлініп ауданның және Алматы қаласы тұрғындарының игілігіне жүргізілетін болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алатау ауданы 2008 жылдың 2 шілдесінде ҚР 1993 жылы 8 желтоқсанда жарық көрген "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңының 13-бабының 3-тармағы мен 2-бабына сәйкес, аумақтың жергілікті тұрғындарының пікірі, Алматы қаласы әкімшілігінің қаулысы мен Алматы қаласының IV-шақырылым мәжілісінің шешіміне сәйкес құрылды.
Жаңа әкімшілік аудан құрамына қалаға қосылған: "Өжет", "Красный трудовик", "Заря Востока", "Ұлжан" - 1,2, "Дархан", "Байбесік", 6-градкомплекс, "Шанырақ" - 1, 2, 3, 4, 5, 6, Көкқайнар, "Әйгерім" - 1, 2, "Құрылысшы", "Түркістан", АДК, "Ақбұлак", "Алғабас" ауылдары енді.