"Жаңа Бюджеттік кодекстің нәтижеге бағытталған бюджет жасау жөніндегі нормаларын жүзеге асыруға қосымша қаржы қажет", - деді Б. Сұлтанов.
"2009 жылы қажет болатын қосымша қаржы көлемі мынадай: 185,4 млн теңге өңірлерде нәтижеге бағытталған бюджет жасауға, 250 млн теңге - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруына бақылау жасау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды жасауға, тағы 5 млн теңге - Қазақстанда мемлектетік ішкі және сыртқы аудитті дамыту тұжырымдамасының жобасын жасауға қажет", - деді ол.
Экономика министрлігінің мәліметінше, 2010 - 2011 жылдары бюджеттен нәтижеге бағытталған бюджетке көшудің сапасы мен жүзеге асырылу барысын бағалауға 150 млн теңгеден бөлу, сондай-ақ, 2010 жылы 53,8 млн теңгені, 2011 жылы 94 млн теңгені мемлекеттік органдардың іс-қызметін бағалау мақсатымен бөлу межеленген.
"Сонымен бірге, 2010-2012 жылдары қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізуге 18,5 млрд теңге қажет", - деді Б. Сұлтанов.