Философиялық мағынаға ие фильм экшн жанрында түсірілмек. Басты рөлді режиссердің өзі сомдайды. Кинофильм «өзгеге ор қазба, өзің түсесің» деген терең мағынаны көрермендерге ұғындыруды мақсат тұтып отыр. Фильмнің негізгі бюджеті 50 миллион теңгені құрайды. Тіпті тың картинаға өзбекстандық мамандар да тартылып отыр. Фильмнің түсіру жұмыстары шырайлы Шымкенттен бастау алып, Алматыда жалғасын табады. Ал қыркүйек айының соңында кинокартина көрерменге жол тартады.