Жаңа мультфильм экранға шықты

Мультфильм кішкентай Райлидің санасындағы ойлар туралы. Қуаныш пен мұң секілді 5 негізгі эмоция туындының басты кейіпкерлері. Олар кішкентай қыздың іс-әрекеттеріне бағыт беріп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Мультфильм отбасымен бірге көруге арналған. «Головоломка» бүлдіршіндермен қатар орта жастағы көрермендерді де еліктіріп әкетеді. Өйткені, орынды әзілмен қатар, терең ой салатын әрекеттер көрініс тапқан.

Дмитрий Нагиев, актер:

- Маған туындының идеясы өте ұнады. Шынында да, бұл эмоциялар бәріміздің бойымызда бар. Олар өзара теке-тіреседі, бір-бірін жеңеді. Өздерінің өмірі бар.

Режиссер Пит Доктер адамның шым-шытырық ойларын барынша түсіндіруге тырысқан. Ал, анимациялық фильмнің басты кейіпкерлерін танымал Ресей жұлдыздары дыбыстапты.


Натали,әнші:

- Басты кейіпкерлердің бірі қуанышты тәржімаладым.Бұл менің алғашқы тәжірибем. «Диснейдің» анимациялық фильмді дыбыстауыма мүмкіндік бергені үшін өте қуаныштымын.

Мультипликациялық фильм бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Оны таратушы «Дисней» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы Меломан компаниясы. 

Loading...