"Жаңа Нұр" туристік фирмасы "Эйр Астана" ЖАҚ-ын сотқа бермекші

Н.Қайсенованың айтуынша, "шағым қаржылық-мүліктік сипатта болмайды", ол тек "Эйр Астана" ЖАҚ-на кейбір нақты міндеттемелерін орындату үшін беріледі.

"ҚР Азаматтық Кодексінің 695-ші бабына сәйкес тұрақты рейстер қоғамдық барлық топтарға бірдей жағдайда берілуі тиіс". Демек, авиакомпанияға тұрақты рейстерге билет сұрай келген кез-келген тұлға оны алуы тиіс",- деді Н.Қайсенова. Сондай-ақ, оның айтуынша, "ҚР Азаматтық Кодексінің 695-ші бабы билет беру туралы жариялы келісім-шартқа қол қою міндеттемесін жүктейді. Жариялы келісім-шартқа сәйкес ешкімге артықшылық жасалмай, баға немесе сапа жағынан баршаға бірдей жағдайда қызмет көрсетілуі тиіс".
Н.Қайсенова осы орайда "мамыр айында бірқатар туристік фирмаларға Алматы-Бодрум-Алматы бағытында жолаушы тасымалдауға рұқсат берілмеді, ал "Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік компаниялары тасымалдау құқығына ие болды. Демек, заңнама нормалары бұзылды",- дегенді еске сала кетті.
"Егер біз үшін жариялы келісім-шарт жасасудан бас тартылса, онда біз "Эйр Астана" ЖАҚ мен "Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік агенттіктері арасындағы келісім-шарт талаптарымен бірдей жағдайда бізбен де келісім-шартқа қол қойылуын сот арқылы талап ете аламыз. Мәселен, Түркияға ұшатын алғашқы төрт рейстің билеттерін "Эйр Астана" ЖАҚ аталмыш екі компанияға 355 долларға сатса, қазір бізге демалыс маусымы аяқталатын кездегі соңғы рейстердің билетін 535 доларға ұсынып отыр",- деді ол.