Жаңа облыстарды құру туралы жарлық жобасы Президентке жетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлер тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлер шекарасы айқындалды. Үкімет қаулысы бойынша Президенттің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді", - делінген үкімет хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылған.


"Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді", - делінген хабарламада.