Жаңа оқу жылына қарсы Семей өңіріндегі бірде-бір мектепте күрделі жөндеу жасалынбайды

Оның айтуынша, биылғы жылы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге 6,5 млн. теңге бөлінген, ал бұл мақсатқа кем дегенде 78 млн. теңге қажет. Бөлінген қаржыға аймақтағы мектептердің 60 процентіне жеңіл-желпі жөндеу жасалып, бір мектептің су ағатын шатыры жамалды.

Жалпы Семей өңірінде бүгінгі тңда 83 мектеп жұмыс істейді, олардың 10-ына күрделі жөндеу жасау талап етілуде.