Жаңа оқу жылында ұстаздардың жалақысы көтеріледі


Алайда, Білім және ғылым министрлігінің бұл сүйінші хабары кәсіби біліктілігін арттыру курсын тәмамдаған педагоктарға қатысты. Яғни, биыл Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша оқыту жүйесінің жаңа үлгісін меңгеріп шыққан мұғалімдердің еңбекақысы 30-дан  100 пайызға дейін жоғарылайды. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап мұндай курсқа қатысу мектеп директорларына да міндеттеледі екен. Жалпы, елімізде 5 жылда 120 мың ұстаз қайта даярлықтан өтеді деп жоспарлануда.