Жаңа Қазақстанды құруда елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек – Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі партияның бірігуін құптайтынын жеткізді.

"Adal партиясының жетекшілері мен мүшелеріне осы маңызды шешімдері үшін ризашылығымды білдіремін. Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан Adal партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. Adal – өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам уақыт талабы мен қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.