К. Мәсімов, үкіметтің қазіргі уақытта "Қазақстанның алдағы жылдарда дамуын анықтайтын үш басты құжатты": Салық және Бюджеттік кодекстер мен 2009 - 2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті әзірлеп жатқандығын атап өтті.
"Олар 2009 жылдың 1-қаңтарында күшіне ену үшін, оларды қысқа мерзім ішінде дайындау қажет",- деді премьер.
Сонымен қатар үкімет басшысы, жекелеген инвесторлардың наразылығы мемлекеттің салық жүйесін реформалау мәселесіндегі ұстанымына әсер етпеуге тиіс екендігін атап көрсетті.
Премьер депутаттар корпусының Салық кодексін "тезірек" қабылдауға көмек көрсететіндіктеріне үмітін білдірді.