Жаңа Салық кодексінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, коммерциялық емес ұйымдарға берілетін және әлеуметтік саладағы жеңілдіктерден басқаларының барлығы да жойылады

Сондай-ақ, алдыңғы кезеңге салықтық есептілік жасау үшін дайындық кезеңі мен тапсыру мерзімі 20 күннен 45 күнге ұлғаяды, деп хабарлады Н. Рахметов.

Сонымен қатар, Салық кодексі қамтыған нормативтік-құқықтық актілердің саны 131-ден 79-ға азайтылады. Оның ішінде салықтық әкімшілікке байланыстысы 46-дан 29-ға азаяды. "Сондай-ақ, салық есебін салық төлеушілерге қарапайым қылуға мүмкіндік беретін жаңа түсініктер енгізілді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.