"Біз бұрын уағдаласқандай, Жаңа Салық кодексінің жобасы, 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасы мен Бюджеттік кодекске енгізілетін өзгерістерді екі аптадан кейін үкіметтің отырысына енгіземіз, ал қыркүйекте оларды прарламентке ұсынамыз", - деді Кәрім Мәсімов.
"Бұл блокқа бәсекелестік туралы заң жобасын да қамту қажет, осы мәселені өз бақылауыңызға алыңыз", - деді үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевқа қаратып айтқан сөзінде.