"Ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа темір жол желілерін тартуға концессионер іріктеуге бағытталған байқау аяқталады", - деді Ж.Қасымбек.
Оның айтуынша, бұл жобалардың арасында Маңғшлақ - Баутино жобасы да бар. "Бұл - Баутино айлағының бағытында тартылатын 135 шақырымдық темір жол", -деді вице-министр.
Концессияға берілетін жобалардың арасында Ералиево - Құрық бағытындағы жол да бар. "Бұл алдағы уақытта Қашаған мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан жобасының аясында тасымалдауда пайдаланылатын 14,5 шақырымдық шағын жол", деді Ж.Қасымбек.
"Бұған қоса биыл Мақат - Қандағаш бағытындағы жолға тоқ жіберу жобасы бойынша да концессионер айқындалады", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті