Жаңа «Терминатор» фильмінің екі сериясы қашан жарыққа шығады?


Британдық Digital Spy порталының хабарлауынша, екі фильм 2017, 2018 жылдары көрсетіледі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 

«Paramount Pictures» кинокомпаниясы фильмнің екінші сериасы 2017 жылдың 19 мамырында, үшінші сериасы 2018 жылдың 29 маусымында жарыққа шығатынын хабарлаған. 

Айта кету керек, Terminator: Genisys АҚШ кинотеатрларында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап көрсетіледі. Жаңа «Терминаторда» да басты рөлді Арнольд Шварценеггер сомдайды. Сонымен қатар, фильмде Эмилия Кларк, Джейсон Кларк, Джай Кортни, Мэтт Смит, Ли Бен Хон сынды танымал актерлар мен актрисалар бар. Фильм режиссері - Алан Тейлор. Ал қалған екі сериасында Шварцанеггердің қатысуы туралы нақты ақпарат жоқ.