Жаңа төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше ұжымға жаңа вице-министрді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Виктор Храпунов таныстырды. Ол А. Сабдалинға Қазақстан Республикасының ТЖ мемлекеттік жүйесін дамытуда баянды жұмыс пен жетістіктер тіледі.

А. Сабдалин вице-министр лауазымына тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аппаратында қызмет атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті