Жаңа туған сәбиін құшақтап перзентхана терезесінен секіріп кетті


Екі күн бұрын ұл туған келіншектің көңіл-күйінде «ешқандай ауытқу болмаған сияқты еді» дейді дәрігерлер. Оқиға болған кезде палатада бірге жатқан әйел шығып кетсе керек. Терезенің әйнегін ұрып сындырып, сәбиді қолына алған Самал есімді келіншек екінші қабаттан секірген. Дегенмен аяқ қолы жараланып, жерге құласа да баласын қолынан шығармапты. Нәресте дін-аман. Ал өзі жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбиі мен өз өміріне қауіп төндірген 28 жастағы азаматша Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері екен. Оның неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.