Жаңа туған шарананы тастап кеткен қашқын ана іздестірілуде

Олардың біреуі жедел жәрдем шақыртқан екен. «Көкек» ана оны туа салысымен  жөргекке де орамай тастап кеткен; шарана әбден тоңып қалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп,  бірден перзентханаға жеткізді. Салмағы  үш жарым келі қыздың денсаулығы жақсы; қазір   дәрігерлердің бақылауында. Ал полиция  сәбидің анасын іздестіруде. Мамандардың айтуынша, әйел сол қамыстың арасында босанғанға ұқсайды.


Ирина Фаюстова,
Көкшетау қалалық перзентханасының  дәрігері:

- Стационарда босанбаған,  тіпті баланың кіндігі де кесілмеген. Тоңып қалыпты. Бірақ дені сау  туған. Қазір қолдан тамақтандырып жатырмыз.