Жаңа тұрғын үй саясаты жалдамалы баспаналар салуға бағытталады


Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVII съезінде мәлімдеді. Елбасы партия мүшелеріне халықты алаңдататын мәселелер мен олардың шешіміне жіті көңіл бөлу қажеттілігін атап өтті. Әсіресе әлемді қаржы дағдарысы қыспаққа алған кезде әлеуметтік көмектердің орны ерекше. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің айлығы мен зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақылардың өсуі соның бір көрінісі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Новая жилищная политика будет ориентирована на масштабное строительство именно арендного жилья, потому что арендное жилье во всем мире позволяет человеку быть мобильным. Здесь он сегодня работает, он не привязан за шею к этой квартире, поедет в другой город и получит в аренду квартиру, будет жить, потом переедет в дугой город – будет жить. То есть это очень правильное направление.