Жаңа үкіметтің бағдарламасында денсаулық сақтау мәселесі маңызды орынға ие болады - премьер министр

"Денсаулық сақтау мәселелері үкіметтің болашақ бағдарламасының негізіне айналады", деді К. Мәсімов. "Біз қаржыландыру мәселесінің өсуін емес, ауру санын төмендетуді міндет етуіміз керек",-дейді үкімет басшысы. "Біздің мақсатымыз, ауырғаннан гөрі дені сау болған тиімдірек болатындай жүйе қалыптастыруымыз қажет", деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің басты проблемасы ол: "басқару деңгейінің төмендігі мен жемқорлық". "Шымкенттегі жағдай осының дәлелі",-деді К.Мәсімов.

Сонымен қатар, үкімет басшысының пайымдауынша, денсаулық сақтау министрлігі алдындағы басты мақсат: "халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету".

К.Мәсімов сөз соңында : "денсаулық сақтауға қатысты мәселе туындағанда, өзге мәселе маңызды емес. Сондықтан да денсаулық проблемасы үнемі Елбасының және менің назарымда болады", деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті