Ең бастысы жеке куәліктегі ақ қара түсті фотосурет түрлі-түстіге ауыстырылады. Құжаттың оң жақ бетіне азаматтың кішірейтілген бейнесі басылған. Бұл куәлікті қолдан жасамау үшін қорғаныш. Десе де, жаңа құжаттың бағасы өзгермейді, бұрынғыша 370 теңге мемлекеттік баж салығын төлесеңіз болғаны.Жаңа куәлік 1-ші желтоқсаннан бастап шығарыла бастамақ. Ал ескісі пайдалану мерзімі аяқталғанша қолданыста жүре береді. Бұған дейін депутаттар ұсқынсыз куәлікті алып жүруге ұяламыз деген. Осыдан соң Ішкі Істер министрлігі жеке куәліктің жаңа дизайнын жасап шығарып отыр. Ал оған қанша қаржы жұмсалғанын ашып айтқан жоқ.