Заң жобасына сәйкес, ел басшысы, парламент төрағасы, үкімет басшысы, Есеп палатасы, Конституциялық сот пен Жоғарғы соттың басшылары, адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен президент әкімшілігінің жетекшісі өз мүлкі мен кірісі туралы мәліметті жыл сайын беріп тұруы тиіс. Сонымен бірге жоғары лауазым иелерінің отбасы мүшелеріне де кірісі мен мүлкі туралы ақпаратты жария етіп отыру міндеттеледі. Заң жобасы 11 баптан тұрады.
Құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс мәселелері бойынша парламенттік комиссияның жетекшісі Али Гусейновтың пікірінше, бұл заң жобасы мемлекетке сыбайлас жемқорлықпен нақты күресуге мүмкіндік береді. "Кейбір құрылымдарда сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы әңгімелер көп болғанымен , оның деңгейі өзгеріссіз қалуда. Заң қабылданғаннан кейін жемқорлықпен күреске шындап ден қоюға құқықтық база қалыптасады",- деді ол.
Заң жобасы Әзербайжан парламентінде көктемгі сессияда талқыланады деп күтілуде. Ал сессия жұмысы 2005-жылғы нурызда басталады.