Жаңа Зеландия жағалауында 6,2 балдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері Окленд елсіз аралынан солтүстік-шығысқа қарай 219 шақырым жерде Астана уақытымен 01:28-де (22.28 мск) тіркелді. Ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұдан бұрын Жаңа Зеландияның Крайстчерч  қаласына жақын жерде 30 шақты дүмпу тіркелгені хабарланған.


Шығын көлемі туралы ақпарат келіп түскен жоқ.