Жаңа жыл - әншілер үшін мереке емес, ақшаны опырып табатын күн

Олар үшін мереке емес, ақшаны опырып табатын күн десе де болады.

Бұл туралы Astana TV  арнасының "Ел аузында" бағдарламасы хабарлайды.

Жігер Ауыпбаев:

- Мен 27-сі 31-і аралықтары Атырау қаласында боламын. 31-ші желтоқсан да үйге келе алмайын деп тұрмын, үйге 1 қаңтар күні келемін. Бір жыл ешкіммен сөйлеспеймін десең (күліп). Бір жылың, бір күндей өтіп кетеді деген осы екен.

Жұлдыз Өмірғали:

- Биыл үйде қарсы аламыз, ал бірақ былтыр Айқынмен турда болып, Қызылорда қаласында қарсы алдық. Ол жақта уақыт бір сағат қалық қой, біздің уақытқа қарағанда. Бір, екі ғана от шашу атылды, сонымен болды бәрі ұйықтап қалды.