Жаңа жыл мерекесі күндері Астанада қоғамдық тәртіпті 1 мыңнан астам полиция қадағалайды

Жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген қызмет көрсету режіміне көшіріледі, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Департаменттің атап өтуінше, жаңа жылдық шаралар өтетін орындар полицейлердің жіті қадағалауына алынып, күні-түні кезекшілік енгізіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге мыңнан астам полиция қызметкері, 200 көлік және 110-нан астам әскери қызметші тартылған.

Қала мектептерінде жаңа жылдық шаралар өткізу барысында да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мектеп инспекторларының кезекшілігі ұйымдастырылған.

Сондай-ақ шыршаларды заңсыз отауға, оларды сатуға жол бермеу мақсатында құрамында табиғат қорғау қызметкерлері, жол полициясы, учаскелік инспекторлар бар ұтқыр топтар құрылып, күні-түні рейдтік шаралар жүргізілуде. Шыршаларды «Встреча», «Гүлжан», «Молодежный», «Орбита», «Астықжан», «Азат» сауда үйлері, Орталық базар, «Шанхай», «Шарын», «Сарыарқа», «Сәлем», «Саянұр», «Эталон», «Қамқор» базарлары маңынан сатып алуға болады.