Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2007 жылы желтоқсанның 30, 31 күндері және 2008 жылдың 1, 2 қаңтары демалыс күндері болады.
"Еңбеккерлердің демалуына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов демалыс күнін 2007 жылдың 29-желтоқсаны сенбі күнінен 2007 жылдың 31-желтоқсаны дүйсенбі күнге ауыстыру туралы үкімет қаулысына қол қойды", - деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті