Жаңа жыл түні төбелескен екеуге араша түскен полицей жарақат алды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі инспекторы Айжан Сләмбаеваның айтуынша, Үржар аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері Жастүлек Дәуітбаев ішімдікке тойып алып төбелескен екі ер адамды айыру барысында жарақат алған.

«Олардың бірі кенеттен полицейдің кеуде тұсына пышақ салып алған. Жастүлек жерге құлағаннан кейін күдіктілер пышақты лақтырып, өздері қашып кеткен», - деді А.Сләмбаева.
Оның айтуынша, қазір күдіктілер қолға түсті.
Полиция қызметкері ауыр халде ауруханада жатыр.