Жаңа жылдан кейін оқушылар мен студенттер қандай форматта оқиды: Шешім қабылданды

Ведомствоаралық комиссия ІІІ-тоқсанда мектеп оқушылары мен ІІ- семестрде студенттер қалай білім алатындығын анықтап, шешім жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып,коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылады.

Оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.


II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.